2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Орталық, жергілікті және өзге мемлекеттік органдар, ұйымдар (келісім бойынша): 1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысымен бекітілген
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|