«Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14758 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|