Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша соттың қаулысы туралы (2023.28.12. берілген өзгерістермен)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі соттың қаулысы - бұл процестік құжат, онда әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізу нәтижелерінің қорытындысы көрсетіледі. Соттың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауына байланысты сот қабылдаған сот актілерінің орны мен ерекшеліктерін анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының заңды және негізді болуымен қатар оның түсінікті әрі ықшамдығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірме беруге қаулы етеді: 1. Әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша қаулы шығару оның заңды және негізді болуы үшін ерекше жауаптылықты талап етіп, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша іс жүргізу міндеттерін орындауды қамтамасыз ететіне соттардың назары аударылсын. Егер қаулы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБКо) талаптарына, сондай-ақ өзге де заңнама нормаларының ережелеріне сәйкес келсе, ол заңды болып табылады. Қаулыда осы іс үшін маңызы бар, сот зерттеген, қатыстылығы, жол берілетіндігі және анықтығы туралы заң талаптарын қанағаттандыратын дәлелдемелермен бекітілген мән-жайлар көрсетілуі тиіс, бұл қаулының негізділігін білдіреді. 2. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, шағымды, наразылықты қарап, ӘҚБКо-ның 829-14-бабының бірінші бөлігінде көзделген қаулылардың бірін қабылдайды. Қаулыны шығару кезінде ӘҚБКо-ның 822-бабында көзделген мәселелер шешілуі, сонымен қатар мәліметтер көрсетілуі тиіс. Қаулының жеке бөліктерден тұратын, жиынтығында біртұтас заңдық құжатты құрайтын қатаң логикалық құрылымы болуы тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|