Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 591 бұйрығымен бекітілген
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесі
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының басшысының орынбасары; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, ішкі аудит қызметінің басшысы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|