|
|
|
«Ashyq» жобасын енгізу туралы
Осы редакция 2022 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын: 1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; 2) спа-орталықтары; 3) моншалар, сауналар, бассейндер; 4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 5) боулинг клубтары; 6) кинотеатрлар; 7) театрлар мен филармониялар; 8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары; 9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері; 10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; 11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар; 12) бильярд клубтары; 13) концерт залдары; 14) ерікті қатысушылар; 15) караоке; 16) көрмелер; 17) океанариум; 18) марафондар; 19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар; 20) әуежайлар; 21) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар; 22) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары; 23) цирктер; 24) отельдер, қонақ үйлер; 25) халыққа қызмет көрсету орталықтары; 26) теміржол вокзалдары және автовокзалдар; 27) (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, (азық түлік емес) сауда желілері; 28) сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері; 29) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін); 30) букмекерлік конторалар; 31) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары; 32) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан бастап балаларда QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып)); 33) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары; 34) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін); 35) діни объектілер; 36) ойын клубтары (казино); 37) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы; 38) түнгі клубтар; 39) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері. 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары; 5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары; 6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі: 1) объектілерде енгізу кезінде «Ashyq» жобасын техникалық қолдауды; 2) күн сайын Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне «Ashyq» ақпараттық жүйесінен «қызыл/сары» мәртебесі бар келушінің жобаға қатысатын объектіге бару фактісінің тіркелгені туралы алдыңғы күнгі мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және: 1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын енгізуді; 2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды; 3) «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алу үшін жобаға қатысушылардың тізімін айқындауды; 4) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді; 5) тестілік режимде қатысатындарды және ерікті қатысушыларды қоса алғанда, «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты, «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімін әкімдіктердің сайтында орналастыруды; 6) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және оларды Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) беруді; 7) Call-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды; 8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді; 9) 12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға «Ashyq» қосымшасында, оның ішінде басқа платформаларда (мысалы, eGov mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып кіруін; 10) осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптарды бұзушылықтардың профилактикасы бойынша мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін; 11) QR-кодты өшіру үшін жобаға жосықсыз қатысушылардың ресми тізімдерін InfoКazakhstan.kz электрондық платформасына уақтылы енгізуді қамтамасыз етсін; 12) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері мынадай жұмыс режимін: - «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде - сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 02.00-ге дейін; - «сары» аймақтағы орналасқан өңірлерде - сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 03.00-ге дейін; - «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде - сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 05.00-ге дейін белгілеуді қамтамасыз етсін. Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі. Осы тармақта көзделген қауіпсіз «жасыл» мәртебе болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды; 13) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс және демалыс күндері қызметті жұмыс режимі бойынша шектеусіз жүзеге асыруын; 14) ВАК-тың шешімінің негізінде «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде қатаңдату бойынша қосымша шаралар қабылдауды; 15) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды; 16) QR-кодты сканерлеу бойынша талаптарды сақтамайтын объектілерді (аутсайдерлерді) «Ashyq» жобасынан шығаруды қамтамасыз етсін. 5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері: 1) осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының және Қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттарының сақталуын бақылауды; 2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және пайдалануға қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды; 3) «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз және осы қаулының 1-тармағында көзделмеген жаңа қатысушыларды жобаға енгізу құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды қамтамасыз етсін; 4) ВАК-тың шешімі негізінде демалыс күнгі шектеу шараларын енгізуді қамтамасыз етсін. 6. «Ashyq» жобасына қатысушылар: 1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін; 2) өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтауды жалғастырсын; 3) осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін. 7. «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 56 қаулысының күші жойылды деп саналсын. 8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 9. Осы қаулы 2022 жылғы 14 қаңтарда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы «13» қаңтардағы № 1 қаулысына 1-қосымша
«Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі
1. Барлық жаңа қатысушылар үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер InfoKazakhstan.kz электрондық платформасы және InfoKazakhstan-мен біріктірілген басқа да платформалық шешімдер (Аitu, Halyk Bank және басқалары) арқылы беріледі. 2. InfoKazakhstan.kz сайты арқылы өтінім беру үшін субъекті (объекті): 1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен InfoKazakhstan.kz басты бетіне кіруі және ЭЦҚ арқылы пайдаланушының деректерін толтыруы қажет; 2) авторизациядан кейін «Менің өтінімдерім» қосымша беті автоматты түрде ашылады, онда «Жаңадан өтінім беру» батырмасын басу қажет; 3) «Жаңа өтінім» қосымша бетіне кіре отырып, кәсіпкер өтінім нысанын толтырады және QR-код алуға сұрау жібереді. QR-код алу алдында «Білім базасын» жүктеуі (кіру кезінде орналастыру үшін инфографика, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары, Ashyq жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және т. б.) және материалдармен танысуы қажет; 4) субъект (объект) рұқсат беру құжаттарының бар екенін және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайды. QR-код субъектіде мынадай рұқсат беру құжаттарының бірі болған кезде ғана беріледі: - ашуға рұқсат/хабарлама (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама); - қызметті қайта бастау бойынша санитариялық нормаларға сәйкестік актісі. Сәйкестік актісін алу тәртібі пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді; 5) QR-кодты алумен бір мезгілде бизнес субъектісі өзінің Ashyq жобасының қатысушыларына (осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жеңілдіктермен жұмыс істейді) немесе ерікті қатысушыларға жататыны туралы хабарлама алады. 3. QR-кодты алғаннан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде «Күзетші режимін» (ЖСН немесе куәландырушы құжат бойынша келушінің мәртебесін тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарлама) алуға нұсқаулық көрінеді. 4. QR-кодты алғаннан кейін Ashyq жобасының қатысушысы тестілік режимде 1 апта жұмыс істейді. 5. Тестілік режимде 7 күн жұмыс істегеннен кейін «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктерге беріледі және бір күн ішінде әкімдіктің сайтында орналастырылады. 6. Жобаның ерікті қатысушылары туралы ақпарат әкімдіктердің сайтында орналастырылады. 7. «Ashyq» жобасының ерікті қатысушыларына қатысты осы қаулыға 4-қосымшада көзделген жеңілдіктер қолданылмайды. Ерікті қатысушыларға: 1) қызметкерлердің (персоналдың) және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, COVID-19-дың таралуын барынша азайту үшін (меншік нысанына қарамастан) қызметіне рұқсат етілген; 2) оларға қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган немесе Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі қызметке қойылатын талаптар бар кез келген субъекті (объекті) жатқызылуы мүмкін. 8. Кәсіпкер «Ashyq» жобасының шарттарын сақтау және пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдай отырып, дұрыс деректерді ұсыну үшін өзінің жауапкершілігін түсінетіндігін растайды. 9. Кәсіпкер ұсынылатын деректердің дұрыстығы үшін дербес жауапты болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың болуын тексеруді мониторингтік топ жүзеге асыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы «13» қаңтардағы № 1 қаулысына 2-қосымша
«Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі
1. «Ashyq» жобасына енгізілген объектілерде кәсіпкерлік субъектісі келушілердің мәртебесін QR-код немесе ЖСН бойынша тексереді. 2. Кәсіпкерлік субъектісі объектіде «сары/қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды («сары/қызыл» мәртебесі бар скриншот) ұсына отырып, мобильді байланыс, электрондық пошта, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдер арқылы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі - СЭБК АД) факті туралы хабарлайды/хабарлама береді. 3. Жобаға қатысатын объектілерге келушілерді және жұмыскерлерді (персоналды) жіберу олардың мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, объектіге кіреберісте көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады: - «жасыл» мәртебе: «қауіпсіз» - деректер базасында алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен; COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған; COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған; соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан; COVID-19-ға қарсы вакцинацияға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері туралы анықтамасы бар адам ретінде белгіленген. Жүріп-тұруына шектеу жоқ; - «көк» мәртебе: «бейтарап» - ПТР тестілеу нәтижесі жоқ, базада COVID-19 жұқтырған немесе COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде деректер жоқ; вакцинацияланбаған. ПТР-тестілеу нәтижелерінің болуы міндетті болып табылатын жерлерден, сондай-ақ «жасыл» мәртебе міндетті болып табылатын жерлерден басқа жерлерде жүріп-тұруына шектеу жоқ; - «сары» мәртебе: «байланыста болған» - деректер базасында COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген. Жүріп-тұруын шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтау болжанады; - «қызыл» мәртебе: «инфекция жұқтырған» - базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «инфекция жұқтырған» - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттер. Жүріп-тұруын шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулану режимін қатаң сақтау болжанады. 4. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау курсы аяқталмаған адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткеннен кейін вакцинациялаудың екінші курсы болмаған жағдайда «жасыл» мәртебе «көкке» ауысады. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау курсы аяқталған адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның екінші дозасын алған күннен бастап бір жыл бойы сақталады. COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған адамдар үшін «жасыл» мәртебе ревакцинация алған күннен бастап бір жыл бойы сақталады. 5. COVID-19-бен ауырған адамдарда «жасыл» мәртебе сауыққаннан кейін соңғы 3 ай бойы сақталады. 6. «Сары» мәртебесі бар (немесе байланыста болған) адамдар COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн өткен соң «көкке» ауысады. 7. COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар, байланыста болған адамдарда «сары» мәртебе COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланысқан күннен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады. 8. COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар адамдарда «қызыл/сары» мәртебе оң нәтиже алған сәттен бастап немесе COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланысқан күннен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады. 9. COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен базада тіркелген адамдарда, U07.1 коды - «инфекция жұқтырған» мәртебесі бар пациенттерде «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады. 14 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуға қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады. 10. Келушіде смартфон болмаған жағдайда, оның келісімімен кәсіпкерлік объектісінің жұмыскері (персоналы) келушінің мәртебесін ЖСН бойынша тексереді. 11. Резидент еместердің мәртебесін тексеруді объектінің жұмыскері (персоналы) келушінің келісімімен паспорттың нөмірі бойынша жүзеге асырады. 12. Жобаға қатысатын объектілерге «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілер жіберілмейді. 13. «Ashyq» жобасына қатысушылар «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің және осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. 14. СЭБК АД-ы «ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде деректерді уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді. 15. «Ashyq» әкімшісінің құқығы бар адам «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келушілер бойынша есепті күнделікті жүктеп алуды қамтамасыз етеді және СЭБК АД-ге жібереді. 16. СЭБК АД-ы амбулаториялық-емханалық көмек ұйымымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп кәсіпкерлік субъектісінен және/немесе Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен ақпарат алғаннан кейін оқшаулауға жататын жеке тұлғаның тұратын (орналасқан) жерін анықтайды. 17. СЭБК АД-ы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың оқшаулау режимін бұзу бөлігіндегі талаптарын бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік сипаттағы шараларды қолданады. 18. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабының 3-тармағына және 104-бабы 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес «сары» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты тапсыру фактісін тіркей отырып, оқшаулау қажеттілігі талаптарымен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылады. 19. «Ashyq» жобасына қатысушылардың шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілері анықталған жағдайда, іс-шараларды Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдануы жөніндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес мониторингтік топтар жүзеге асырады. 20. Келушілердің мәртебесіне қатысты даулы жағдайлар туындаған кезде 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет. 21. СЭБК АД-ның бұйрығымен кәсіпкерлік объектілерімен және «Ashyq» жобасымен жедел өзара іс-қимылды үйлестіруге және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар тағайындалады.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы «13» қаңтардағы № 1 қаулысына 3-қосымша
Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі
1. «Ashyq» жобасына қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) (бұдан әрі - ЖАО) мынадай негіздердің біреуі немесе бірнешеуі бойынша жобадан шығарады: 1) мониторингтік топтың объектіде жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілерінің анықталуы; 2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) шешімі негізінде объект 2 апта ішінде QR-код (check-in) бойынша 0-ден 20-ға дейін келушіні тіркеуді жүргізген жағдайда; 3) объектінің 2 апталық жүктеп алу нәтижелері бойынша ВАК белгілеген ең аз check-in санын жүргізбеу фактісінің анықталуы; 4) карантин режимін бұзу материалдары бойынша анықталған рұқсат беру құжаттарының болмауы (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама). 2. «Ashyq» жобасына қатысушы мониторингтік топ анықтаған қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған кезде, сондай-ақ осы қосымшаның 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша ЖАО: - қатысушыны жобадан 1 апта мерзімге шығарады; - қайта бұзу қатысушыны жобадан 2 апта мерзімге шығарады; - үшінші рет бұзу кезінде қатысушыны жобадан 1 ай мерзімге шығарады. 3. ЖАО жосықсыз қатысушылардың ресми тізімін InfoКazakhstan.kz. электрондық платформасына QR-кодты өшіру үшін жібереді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы «13» қаңтардағы № 1 қаулысына 4-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |