Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын әдіснамалық қамтамасыз етуді үйлестіру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 бұйрығы (2018.14.12. берілген өзгерістермен)
Білімнің жаңартылған мазмұны жағдайында орта білім жүйесін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, білім сапасын, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау мақсатында БҰЙЬІРАМЫН: 1. Қосымша берілгендер: 1) Орта білім саласындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес (бұдан әрі - РОӘК) туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) РОӘК-тің құрамы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) Жалпы білім беретін мектеп директорларының республикалық кеңесі туралы ереже осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 4) Жалпы білім беретін мектеп директорларының республикалық кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департамент (Каринова Ш.Т.) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына және республикалық білім беру ұйымдарына жеткізсін. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (Ж.О. Жылбаев): 1) орта білім мазмұнын әдіснамалық қамтамасыз етуді үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін; 2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының әдістемелік кабинеттерінің/орталықтарының; жоғарыда атаған кеңестердің өзара жұмыс жасауын қамтамасыз етсін; 3) пән мұғалімдері қауымдастығының ынтымақтастығы мен өзара қызметін қамтамасыз етсін. 4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары: 1) аудандық (қалалық) және облыстық пән мұғалімдері қауымдастығының өзара қызметін қамтамасыз етсін; 2) облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары жалпы білім беретін мектеп директорлары кеңесінің жұмысын ұйымдастырсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|