Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидаларын бекіту туралы
ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 326 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Казақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидалары бекітілсін. 2. Күші жойылды деп танылсын: 1) «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметі туралы ереже» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9242 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған); 2) «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметі туралы ереже» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 195 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13799 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). 3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтытың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|