Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес, Есіл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Есіл ауданында сайлау учаскелері құрылсын. 2. Есіл ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын: 1) «Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» 2021 жылғы 18 маусымдағы № 11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23139 тіркелген); 2) «Есіл ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 11 «Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31378 тіркелген). 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
2024 жылғы 20 наурыздағы № 60 шешіміне қосымша
Есіл ауданында сайлау учаскелері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|