Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде иесі бүркемеленген жолданымды қарау алгоритмін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 279 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде иесі бүркемеленген жолданымды қарау алгоритмі бекітілсін. 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 279 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде иесі бүркемеленген жолданымды қарау алгоритмі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде иесі бүркемеленген жолданымды қарау алгоритмі (бұдан әрі - Алгоритм) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) қызметкерлерінің иесі бүркемеленген жолданым түскен және қарау кезіндегі іс-қимылдарын айқындау мақсатында әзірленді және бекітілді. 2. Осы Алгоритмде мынадай ұғымдар қолданылады: 1) иесі бүркемеленген жолданым - иесін анықтау мүмкін емес және (немесе) арыз иесінің қойылған қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, почталық мекенжайы жоқ жолданым; 2) үшінші тұлға - жасырын өтінішті қарау кезінде міндетті тарап болып табылмайтын тұлға.
2-тарау. Министрлік қызметкерлерінің иесі бүркемеленген жолданым түскен кездегі іс-қимыл тәртібі
3. Министрлікке жазбаша (қағаз) нысанда, оның ішінде «шағымдар мен өтініштерге арналған жәшіктер» арқылы келіп түскен иесі бүркемеленген жолданымдар ТӨ-1 және АИ-1 нысандарын толтыру арқылы «Электрондық жолданымдар» АТЖ-да тіркелуге жатады. Иесі бүркемеленген жолданымды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. 4. Иесі бүркемеленген жолданымды тіркеу Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 64-бабының 3-бөлігінде көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|