Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін. 3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 1-304 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|