Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2024.15.07. берілген өзгерістермен)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 187) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|