Ақпараттандыру және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерінің интероперабельділігін қамтамасыз ету үшін платформаға берілетін клиникалық құжаттардың құрылымын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 208 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мынадай клиникалық құжаттардың құрылымы бекітілсін: 1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Туу туралы медициналық куәлік»; 2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қайтыс болу туралы медициналық куәлік»; 3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Перинаталдық өлім туралы медициналық куәлік»; 4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ана өлімін есепке алу картасы»; 5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тірі туған, өлі туған және 5 жасқа дейінгі қайтыс болған баланы есепке алу картасы»; 6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Құрылымдалмаған құжат»; 7) Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеуге келісім»; 8) Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Емшараны жүргізуге келісім»; 9) Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Өкілеттіліктер»; 10) Осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Рецепт»; 11) Осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Жолдама»; 12) Осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Үзінді көшірме»; 13) Осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Дәрігердің консультациясы»; 14) Осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Рецепт бойынша босату»; 15) Осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Бас тарту»; 16) Осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Емдеуге жатқызудан бас тарту»; 17) Осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Жолдамаға қосымша»; 18) Осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Медициналық көмек көрсету жоспары»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|