Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № А-2/82 қаулысына қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 11 маусымдағы № А-6/265 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4877 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). 2. Ақмола облысы әкімдігінің «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/277 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4881 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). 3. Ақмола облысы әкімдігінің «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 маусымдағы № А-7/296 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4915 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|