Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін бекіту туралы
«Cот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 327 бұйрығымен бекітілген
Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтері
1. Осы Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтері (бұдан әрі - Нормативтер) «Cот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Осы Нормативтер жүргізілетін сараптамалардың күрделілік дәрежесіне байланысты бір сот сарапшысына келетін сараптамалар саны жүктемесінің нормасын айқындайды. 3. Жүктеме нормативтерін айқындау кезінде сот-сараптамалық зерттеулердің күрделілік дәрежесі бойынша төрт санатқа бөлінетіндігі ескеріледі: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|