Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау туралы (2021.13.12. берілген өзгерістермен)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021.16.09. № 183 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021.16.09. № 183 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін. 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын. 4. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ж. Халиуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевке жүктелсін. 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|