Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығы (2023.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 264 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.27.08. № 427 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.27.08. № 427 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова 21 тамыз 2015 жыл
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|