Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы (2018.27.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018.13.02. № 218 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.27.04. № 250 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1) кірістер - 14 918 405,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 12 341 382,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 35 553,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 1 453 686,0 мың теңге; трансферттер түсімі бойынша - 1 087 784,0 мың теңге; 2) шығындар - 15 189 819,9 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - - 20 000,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 37 333,5 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 288 748,4 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 288 748,4 мың теңге. 2. Рудный қаласының қалалық бюджетінен Қашар кентінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері 2018 жылға - 174 574,0 мың теңге, 2019 жылға - 175 811,0 мың теңге, 2020 жылға - 178 111,0 мың теңге құрайтыны көзделсін. 3. Қашар кентінің бюджетінен Рудный қаласының қалалық бюджетіне берілетін бюджеттік алып қоюлардың көлемдері 2018 жылға - 0 теңге, 2019 жылға - 0 теңге, 2020 жылға - 0 теңге құрайтыны қөзделсін. 4. 2018 жылға арналған Рудный қаласының жергілікті атқарушы органының резерв мөлшері 140 000,0 мың теңге сомасында бекітілсін. 5. 2018 жылға арналған Рудный қаласының қалалық бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|