«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Осы редакция 2019 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2043 жылға дейінгі кезеңге «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сындарлы деңгейі бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысымен бекітілген
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада Түркістан облысы Түркістан қаласының аумақтық шекарасының шегінде орналасқан. АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 1338,0 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына ауданы 188 гектар тарихи орталық, ауданы 750 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 400 гектар өнеркәсіптік аймақ кіреді. 1) Түркістан қаласын жеделдете дамыту; 2) Түркістан қаласының туристік әлеуетін жоғарылату және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптасу мен келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту; 3) туристерге қызмет көрсету үшін бірыңғай ақпараттық база құру мақсаттарында құрылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|