Павлодар қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Павлодар облысы Павлодар қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 2395/7 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны бар Павлодар қаласының ұйымдарында: елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде; жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде; екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін. 2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы «Павлодар қаласының ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 1418/35 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5344 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Н. Мұқановқа жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|