«Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 790 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 433 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін: 1) «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 666 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11649 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): 1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын; 2) «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығынада (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11712 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): 1-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|