Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/91-6с «2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/91-6с «2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3929 тіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1)кірістер - 109 756 100 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 46 909 059 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 151 826 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 403 641 мың теңге; трансферттер түсімі - 62 291 574 мың теңге; 2)шығындар - 114 676 038 мың теңге; 3)таза бюджеттік кредиттеу - 716 896 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 919 843 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 202 947 мың теңге; 4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0; 5)бюджет тапшылығы - -5 636 834 мың теңге; 6)бюджет тапшылығын қаржыландыру - 5 636 834 мың теңге.»; «100 000» деген сандар «200 000» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген шешімнің 1, 5 қосымшалары осы шешімнің 1,2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|