Алға ауданының Алға қаласы және ауылдық елді мекендерінде жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын), бағалау аймақтарының шекараларын, жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 қарашадағы № 436 шешімі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8, 11 баптарына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға ауданының Алға қаласы және ауылдық елді мекендерінде жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары), бағалау аймақтарының шекаралары, жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері,осы шешімнің № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. «Алға аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | А. Жиенбаев |
Алға аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Жумабаев |
Алға аудандық мәслихатының
2020 жылғы 5 қарашадағы
№ 436 шешіміне 1 қосымша
Алға қаласының жерді аймақтарға бөлу жобасы
(схемасы)

Алға қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Есептік орам коды | Аймақтың нөмірі | Бағалау аймақтарының шекаралары | Алаңы, га | Түзету коэффициенттері |
02-037-001 02-037-010 | I |