|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2020 жылғы 21 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 862 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде: 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың алатын табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады. Бұл ретте өзін өзі жұмыспен қамтыған адамның алатын табысы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсатында айқындалатын табыстан аспайтын өз пайдасына әлеуметтік аударымдар есептеу мақсатында өздері дербес айқындайтын сома болып табылады.»; 7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Төлеушілердің банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - банктер) әлеуметтік аударымдарды қолма-қол ақша нысанында енгізуі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»; 10-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|