«Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 14 қарашадағы № 769 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10498 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 146) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықта: көрсетілген Нұсқаулыққа 1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|