Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпарат және жағдайларды талдау жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпарат және жағдайларды талдау жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) таратылатын кәсіпорын кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті қайта бөлуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|