|
|
|
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың электрондық шарттарын автоматтандырылған есепке алу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың электрондық шарттарын автоматтандырылған есепке алу бойынша пилоттық жоба (бұдан әрі - пилоттық жоба) іске асырылсын. 2. Қоса беріліп отырған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы электрондық шарттарды автоматтандырылған есепке алу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін. 3. Пилоттық жобаны жүргізу мерзімі 2022 жылғы 22 тамыздан бастап 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейін деп белгіленсін, өткізілу орны - Нұр-Сұлтан қаласы. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті осы бірлескен бұйрықты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамның назарына жеткізуді қамтамасыз етсін. 5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін. 6. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |