Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 31 қазандағы № 37 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2 және 3-тармақтарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары мен шарттары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|