«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1599 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге енгізілетін өзгерістер мақұлдансын. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қосымша келісімге қол қойылсын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2022 жылғы 20 шілдедегi № 509 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде: кіріспеде: 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) іс-шаралар жоспары – Қор немесе ұйым қызметінің негізгі бағыттарын және олардың қызметінің бес жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштерін айқындайтын, Директорлар кеңесі бекітетін құжат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|