|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат): 830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын: «4-4) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне - барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында;». 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9,51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 83-бап мынадай редакцияда жазылсын: «83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттің атқарылуы Осы Кодекстің бюджеттің атқарылуын реттейтін ережелері мемлекеттік құпиялар, Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыру, елдің сыртқы саяси қызметін, қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.». 3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат): 1) мазмұнында 35 және 416-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «35-бап. Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру»; «416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау»; 2) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын: «35-бап. Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру 1. Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осы органмен ынтымақтасып жұмыс істейтін өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын орындау кезінде жасаған, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірген іс-әрекеті, егер бұл іс-әрекет адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарды болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеп-тексеру, барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқықпен қорғалатын мүдделерге келтірілген зиян көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар келтіретін зиянға қарағанда аздау болса және егер оларды болғызбауды, ашуды немесе тергеп-тексеруді, сол сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, ол қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. 2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адамның өміріне немесе денсаулығына қатер төндірумен, экологиялық апат, қоғамдық күйзеліс немесе өзге де ауыр зардаптар қатерімен ұштасқан іс-әрекеттер жасаған адамдарға қолданылмайды.»; 3) 53-баптың бірінші бөлігінің 9) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9) қажеттi қорғаныстың, аса қажеттiлiктің, құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алудың, негізді тәуекелдің, бұйрықты немесе өкiмдi орындаудың құқыққа сыйымдылық шарттарын бұзу кезінде, жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау;»; 4) 416-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау»; үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерінің жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарының хаттамаларын немесе оларға қосымшаларды бұрмалауы -». 4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат): 1) 53-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «6. Заңда көзделген жағдайларда, судьяның қаралып жатқан істер бойынша, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін және жасырын тергеу іс-қимылдарын ұйымдастыру, нақты жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу іс-қимылдары, ақпарат көздері мен оларды алу тәсілдері туралы жария етуге жатпайтын мәліметтерді қоспағанда, анықтау органдарының қаралып жатқан іске қатысты жедел есепке алу істерін, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу іс-қимылдарының материалдарын талап етіп алдыруға және олармен танысуға құқығы бар.»; 2) 78-баптың алтыншы бөлігінің 8) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу іс-қимылдарының материалдарын қоспағанда, осы баптың бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен танысуға;»; 3) 115-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «8. Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарға құпия негізде жәрдем көрсететін адам тікелей қабылдаған нақты деректер аталған адамның келісімімен одан куә, жәбірленуші, күдікті, айыпталушы ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Қылмыстық топқа ендірілген адамдар тікелей қабылдаған нақты деректер осы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін не жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыратын органның лауазымды адамынан куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.»; 4) 120-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. «Жедел-iздестiру қызметi туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары сақтала отырып алынған, құқыққа қайшы әрекеттер туралы нақты деректер тіркелген материалдар құжаттар болып табылады және қылмыстық процесте дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.»; 5) 122-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган процеске қатысушылардың өтінішхаттары немесе өз бастамасы бойынша өзінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша жауап алу немесе сарапшы немесе маман ретінде қорытынды беру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен кез келген адамды шақыруға; осы Кодексте көзделген процестік іс-әрекеттерді жүргізуге; коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді берудің және жария етудің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін сақтай отырып, жеке, заңды тұлғалардан және лауазымды адамдардан, сондай-ақ жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардан іс үшін маңызы бар құжаттар мен нәрселерді беруді талап етуге; уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар мен тексерулер жүргізуді талап етуге құқылы. Қылмыстық қудалау органы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне ревизиялар мен тексерулер жүргізудің талап етілетіні туралы бір тәулік ішінде прокурорды хабардар етеді. Сот өз бастамасымен дәлелдемелер жинауға құқылы емес.»; 6) 128-баптың екінші бөлігінің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4) жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiнiң және (немесе) жасырын тергеу іс-қимылдарының заңға сәйкес алынған материалдарында адамға қатысты ол жасаған немесе жасауға дайындап жатқан қылмыс туралы анық деректер болғанда, бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуы мүмкін қылмыс жасады деп күдiк келтірілетін адамды ұстап алуға құқылы.»; 7) 180-бап мынадай редакцияда жазылсын: «180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер 1. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, атап айтқанда: 1) жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның қылмыстық құқық бұзушылық не адамның хабарсыз кеткені туралы хабары; 2) кiнәсiн мойындап келу; 3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар; 4) қылмыстық қудалау органы лауазымды адамының дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы баянаты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер болып табылады. Осы Кодекстің 185-бабы бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себеп болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор өз құзыреті шегінде және осы Кодексте белгіленген тәртіппен өз қаулысымен қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды. 2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген себеппен тергеп-тексеріліп жатқан іс бойынша хабарсыз кеткен адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгілерін көрсететін деректер анықталған жағдайда, іс-әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сараланады. 3. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.»; 8) 185-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-нұқсан келтіру әрекетінен қорғау мақсатында қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын орган, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу барысында алынған материалдар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себептер болған кезде қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар мен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен арызды, хабарды немесе баянатты тіркеу туралы шешім қабылдайды.»; 9) 193-баптың бірінші бөлігінің 9) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9) қылмыстық қудалау органдарынан қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды, оның ішінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу іс-қимылдарының нәтижелерін тексеру үшін алады, мерзімдері үзілген қылмыстық істерді одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін жібереді;». 5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат): 1) мазмұнында 100-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «100-бап. Мекемелердегi жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу іс-қимылдары»; 2) 100-бап мынадай редакцияда жазылсын: «100-бап. Мекемелердегi жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу іс-қимылдары 1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекемелерде жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу іс-қимылдары жүзеге асырылады, олардың мiндеттерi: 1) жазаларды орындау тәртiбi мен шарттарын, сотталғандардың, мекемелер персоналының және өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 2) мекемелерде дайындалып жатқан және жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу тәртiбiн бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу; 3) мекемелерден қашып шыққан сотталғандарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүрген сотталғандарды iздестiру; 4) сотталғандардың мекемеге келгенге дейiн жасаған қылмыстарын анықтауға және ашуға жәрдемдесу; 5) барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, ашу және жолын кесу болып табылады. 2. Жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметін және жасырын тергеу іс-қимылдарын мекемелердiң уәкілетті қызметтері, сондай-ақ басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.». 6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7- II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 637-баптың бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «5. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану бойынша міндеттерді орындамауы - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 6. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану бойынша міндеттерді орындамауы - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 7. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету бойынша міндетті орындамауы - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.». 7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат): 129-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) қарсы барлау қызметі;». 8. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар): 1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «15) жедел-іздестіру қызметі - адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, қылмыстық қол сұғудан қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдастыру және басқару іс-шараларының ғылыми негізделген жүйесі;»; 2) 2-баптың алтыншы абзацы алып тасталсын; 3) 5-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Барлау қызметі процесінде, сондай-ақ экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласында алынған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін сақтау мен жоюдың тәртібі және мерзімдері ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.»; 4) 10-бапта: 1-тармақта: б) тармақшасының төртінші абзацы «табылуы» деген сөзден кейін «туралы ақпарат» деген сөздермен толықтырылып, бесінші абзацы алып тасталсын; д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «д) қоғам, мемлекет және оның экономикалық және қорғаныстық әлеуетiн нығайту мүддесiнде барлау ақпаратын алу қажеттiгi негiздер болып табылады.»; 2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «- тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын авариялық немесе экологиялық қауіптілігі жоғары объектiлер мен құрылыстарды пайдаланумен байланысты жұмыстарға рұқсат ету туралы;»; 5) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Тек қана Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында барлау ақпаратын алу, сондай-ақ күзетілетін адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алу үшін арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.»; 6) 14-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Барлау қызметі барысында алынған, оларды пайдалану тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде белгіленетін нәтижелерді қоспағанда, жедел-іздестіру қызметінің материалдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексерілгеннен кейін осы Заңның 2-бабында көзделген басқа да міндеттерді орындау кезінде пайдаланылуы мүмкін.». 9. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |