Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
Осы редакция 2019 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабы 6-тармағындағы кестесінің тәртіптік нөмірі 1.3.3.-жолымен белгіленген Қостанай облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері екі есеге көтерілсін. 2. Салық кодексінің 576-бабымен белгіленген Қостанай облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген, көрсетілген бап пен мөлшерлемелердің 3-тармағымен белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, бір жарым есеге көтерілсін. 3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ» «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Жусупова 2018 жылғы «2» наурыз
«КЕЛІСІЛДІ» «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Шайымов Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|