ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы (2021.24.05. берілген өзгерістермен)
«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 Қаулысын қараңыз
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап. 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 12 405 717 446 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 6 913 806 526 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 286 899 962 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 585 654 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 5 201 425 304 мың теңге; 2) шығындар - 14 911 075 741 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 223 459 837 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 392 058 235 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 30 847 068 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 30 847 068 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -2 759 665 200 мың теңге, немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,5 пайызы; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -8 243 730 200 мың теңге, немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 10,6 пайызы; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 759 665 200 мың теңге.
2021.24.05. № 44-VІІ ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 48 740 450 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 516 575 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2021 жылға арналған түсімдердің көлемдері осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|