«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 128 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді; 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 362 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2522 болып тіркелген, 2015 жылдың 26 ақпанында «Ақ жол» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Нұралиевке жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 17 тамызындағы № 207 қаулысымен бекітілген
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|