Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 Бұйрыққа 1-қосымша
Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1 - бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені (бұдан әрі мәтін бойынша - БНАЖ) пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) қол жеткізу - БНАЖ-да есептік жазбаны құру жөніндегі іс-шаралар; 2) БНАЖ пайдаланушы - БНАЖ жүйесінде нақты функцияларды орындау үшін тіркелген Қазақстан Республикасының нотариустары, аумақтық әділет органдардың, нотариаттық палаталардың және Республикалық нотариаттық палатаның қызметкерлері; 3) есепке алу жазбасы - БНАЖ пайдаланушы туралы ақпарат: пайдаланушының аты, БНАЖ-мен жұмыс істеу кезінде ресурстарға қол жеткізу құқығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|