Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы (2021.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңестікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің 58-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесі бекітілсін. 2. Мыналар: 1) «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 431 бұйрығының; 2) «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 431 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 88 бұйрығының күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Э.М. Төлеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Қ.М. Сәрсембаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|