Көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы (2023.03.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 12-2-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 478 бұйрығымен бекітілген
Көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|