Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2015.05.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар: 1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 2) жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 қаулысымен бекітілген
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі іс-шаралар жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|