Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы (2023.13.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 1, 2, 3, 5-тармақтарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту және «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Сараптамалық кеңес) құрылсын. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес туралы ереже бекітілсін. 3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылсын. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрық күшіне енген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|