|
Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 39-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрықты ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық Қағидалардың 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-тармағының 4)-тармақшасы мен 19-тармағы 4)-тармақшасының төртінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2025 жылғы 21 мамырдағы № 244 бұйрығымен бекітілген
Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|