Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 176-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығымен бекітілген
Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 176-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және нарық субъектілеріне негізгі қуатқа тең қол жеткізуді беру тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады: 1) негізгі қуат – үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің (бұдан әрі – негізгі қуат иесі) оларға қол жеткізбей, нарықтың басқа субъектілері тиісті немесе сабақтас тауар нарығында тауар өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыра алмайтын тауары, инфрақұрылым объектісі; 2) тауар – азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|