Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
3) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы есеп беріп тұрсын, сондай-ақ оны бірінші басшының қолын қойғызып, интернет-ресурста (қолжетімділігі шектелген ақпаратты қоспағанда) орналастырып тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне жүктелсін.
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 39 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасында
тіл саясатын дамытудың