|
|
|
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 1-тармағының және 104-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына (бұдан әрі - № 38 БМСДҚ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) № 38 БМСДҚ-ның 3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын; 2) № 38 БМСДҚ-ның 12-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді;»; 3) № 38 БМСДҚ-ға 35-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат 00-ден бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысына қосымша
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 35-қосымша
COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулау тәртібі
І. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдарды оқшаулау тәртібі 1. COVID-19-бен ауыратын пациентпен жақын байланыста болған адамдарда CОVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болады. COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы: - COVID-19 жағдайымен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам; - COVID-19-бен ауыратын науқаспен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.); - ЖҚҚ (қорғаныш маскасын) пайдаланбай жабық үй-жайда (мысалы, сыныпта, кеңеске арналған бөлмеде, ауруханадағы күту бөлмесінде және т. б.) COVID-19 жағдайымен бірге 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде 1,5 метрден кем қашықтықта болған адам; - COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары; - ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19-бен ауыратын науқастан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19-бен ауыратын науқас ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады. Жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 14 тәулік бұрын басталуы және COVID-19 жағдайын оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс. 2. COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарға қатысты шаралар (жақын байланыс): 1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Оқшаулаудың 3-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға байланыста болған адамды (жақын байланыс) зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. ПТР зерттеу теріс болған жағдайда МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) нақтылайды, 14 күн өткеннен кейін COVID-19 белгілері болмаған жағдайда карантин мен оқшаулау аяқталады. ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған кезде МСАК маманы Санитариялық-эпидемиологиялық комитеттің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқасқа жедел хабарлама береді. 2) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) МСАК маманының медициналық тексеруіне жатады. COVID-19 белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді, МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) нақтылайды. Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам ПТР-тест нәтижелерін алғанға дейін ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруге және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқасқа шұғыл хабарлама береді. 3. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде пациент амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға және осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Бекітілген алгоритмге сәйкес тәуекел факторлары болған және үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу туралы шешімді МСАК маманы әрбір жағдайда жеке қабылдайды. Учаскелік терапевт күн сайын коронавирустық инфекцияның клиникалық симптомдарының болуына үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыға қоңырау шалуға міндетті. COVID-19-бен ауыратын науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күн ішінде клиникалық симптомдар болмаған жағдайда карантин аяқталады. Карантин аяқталған кезде МСАК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға COVID-19 профилактика шараларын сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық). Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде (дене температурасының 38 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі, тамақтың жыбырлауы және/немесе ауыруы, әлсіздік, жөтел, бас ауыруы, ентігу, тыныс алудың қиындауы және коронавирустық инфекцияның басқа да симптомдары) учаскелік терапевт Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқасқа жедел хабарлама береді. Жедел хабарлама келіп түскен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19-бен ауыратын науқасты тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны симптомсыз вирус тасымалдаушылардың есебінен алып тастайды, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) ауысуының жеке статистикасын жүргізеді.
COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамның және шетелден Қазақстан Республикасына авиарейстермен келген адамның қолхаты
Елді мекен ________________ 20__ жылғы «___» ______ Мен ______________________________________, ЖСН: _________________, (Т.А.Ә. (бар болған кезде) __ __ __ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20__ жылғы _________№_____ қаулысымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндеттемелерді қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру қажет екендігі туралы хабардар етілдім. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім. ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім. Сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім. Күні:_________ Қолы___________».
Согласовано 17.09.2021 09:06 Кожапова Роза Абзаловна 17.09.2021 09:33 Ахметова Зауре Далеловна 17.09.2021 13:14 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна Подписано 17.09.2021 17:37 Киясов Ерлан Ансаганович
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |