|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына 1-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 12 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Әскери қызметке әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. 2. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес әскери қызметке әскерге шақыруды кейінге қалдыру аудандық (облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешiмiмен беріледі. 3. Мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиялары арқылы көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі - портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған сұрау салу жолдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|