Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының 2022 жылғы 14 шілдедегі № 22-07-7.13 хаттамасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылсын. 2. Жұмыс тобы 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын әзірлесін. 3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2022 жылғы 31 қазанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын енгізу бойынша шаралар қабылдасын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Ғ.Б. Бейсембаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 361 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|