Тараз қаласы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы (2018.09.02. берілген өзгерістермен)
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 59-6 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Тараз қаласы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін. «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 37-7 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2488 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 ақпанында «Жамбыл Тараз» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, құқылық тәртібі және гендерлік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2016 жылғы 26 ақпандағы № 51-4 шешімімен бекітілген
Тараз қаласы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу
1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы жергілікті атқарушы органға өтініш беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|