|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының (2023.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 6-бап. Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеу, төлеу және қайтару 2-тарау. АРНАЙЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ 7-бап. Арнайы қорғау шарасын қолданудың жалпы қағидаттары 9-бап. Алдын ала арнайы бажды енгізу 10-бап. Арнайы қорғау шарасын қолдану 11-бап. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және оны қайта қарау 3-тарау. ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР 12-бап. Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы қағидаттары 13-бап. Демпингтік маржаны айқындау 14-бап. Тауардың қалыпты құнын айқындау 15-бап. Тауардың экспорттық бағасын айқындау 17-бап. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу 19-бап. Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану 20-бап. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі және оны қайта қарау 21-бап. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау 22-бап. Өтемақы шарасын қолданудың жалпы қағидаттары 24-бап. Экспорттаушы үшінші елдің субсидиясын ерекше субсидияға жатқызу қағидаттары 25-бап. Ерекше субсидияның мөлшерін айқындау қағидаттары 27-бап. Алдын ала өтемақы бажын енгізу 29-бап. Өтемақы бажын енгізу және қолдану 30-бап. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі және оны қайта қарау 31-бап. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау 5-тарау. ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУЛЕР ЖҮРГІЗУ 32-бап. Тергеп-тексерулер жүргізу үшін негіздер 33-бап. Тергеп-тексерудің басталуы және оны жүргізу 34-бап. Демпингке қарсы тергеп-тексеруді жүргізу ерекшеліктері 35-бап. Өтемақылық тергеп-тексеруді жүргізу ерекшеліктері 38-бап. Тергеп-тексеру барысында ақпарат жинау 41-бап. Тергеп-тексерулерге байланысты қабылданатын шешімдер туралы хабарламалар 42-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданбау 45-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) алдын ала арнайы баж - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар импорты кезінде қолданылатын баж, тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірген немесе келтіру қатерін төндіретін өскен импорттың болуы туралы сол тауарға қатысты алдын ала қорытынды дайындайды; 2) алдын ала демпингке қарсы баж - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар импорты кезінде қолданылатын баж, тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында демпингтік импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың, оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауының болуы туралы сол тауарға қатысты алдын ала қорытынды дайындайды; 3) алдын ала өтемақы бажы - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар импорты кезінде қолданылатын баж, тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында субсидияланатын импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың, оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауының болуы туралы сол тауарға қатысты алдын ала қорытынды дайындайды; 4) алдыңғы кезең - қажетті статистикалық деректері бар, тергеп-тексеруді жүргізу туралы өтініш берілген күннің тікелей алдындағы күнтізбелік үш жыл; 5) арнайы баж - арнайы қорғау шарасын енгізген кезде қолданылатын және кедендік әкелу бажына қарамастан мүше мемлекеттердің кеден органдары алатын баж; 6) арнайы квота - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар импортының белгілі бір көлемін белгілеу, оның шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар арнайы баж төленбей, ал одан асатын болса, арнайы баж төленіп жеткізіледі; 7) арнайы қорғау шарасы - импорттық квотаны, арнайы квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша қолданылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың өскен импортын шектеу жөніндегі шара; 8) байланысты тұлғалар - мынадай өлшемшарттардың біреуіне немесе бірнешеуіне сай келетін тұлғалар: осы тұлғалардың әрқайсысы басқа тұлғаның қатысуымен құрылған ұйымның қызметкері немесе басшысы болып табылады; іскер әріптестер болып табылады, яғни шарттық қатынастармен байланысты болады, пайда алу мақсатында іс-қимыл жасайды және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен шығындарды бірлесіп көтереді; бір ұйымның жұмыс берушілері мен жұмыскерлері болып табылады; қандай да бір тұлға дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп пайызының немесе екі тұлғаның үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленеді, бақылайды немесе номиналды ұстаушысы болып табылады; тұлғалардың біреуі екінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды; екі тұлғаны да үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақылайды; екі тұлға бірігіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды; неке қатынастарында, туыстық немесе жекжаттық, бала (қыз) асырап алушы немесе асырап алынған бала (қыз), сондай-ақ қамқоршылық және қамқорлыққа алынушы қатынастарда болады; 9) демпингке қарсы баж - демпингке қарсы шара енгізілген кезде қолданылатын және кедендік әкелу бажына қарамастан мүше мемлекеттердің кеден органдары алатын баж; 10) демпингке қарсы шара - демпингке қарсы бажды, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл шарасы; 11) демпингтiк маржа - тауардың экспорттық бағасын шегергенде мұндай тауардың экспорттық бағасына оның қалыпты құнының пайызбен көрсетілген қатынасы не тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасының арасындағы абсолютті көрсеткіштермен көрсетілген айырма; 12) жанама бақылау - жеке немесе заңды тұлға арқылы не араларында тікелей бақылау бар бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді жеке немесе заңды тұлғаның айқындау мүмкіндігі; 13) Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - өз қызметін «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» (бұдан әрі - Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт) 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес көзделген өкілеттіктер шеңберінде жүзеге асыратын, ұлттық органнан жоғары тұратын орган; 14) импорттық квота - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың санына және (немесе) құнына қатысты оның импортын шектеу; 15) құпия ақпарат - мемлекеттік құпияларды қоспағанда, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын қолжетімділігі шектеулі ақпарат; 16) мүше мемлекеттер - Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың тараптары болып табылатын мемлекеттер; 17) мүше мемлекеттердің экономика саласы - мүше мемлекеттерде ұқсас тауардың (демпингке қарсы және өтемақылық тергеп-тексеру мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау тергеп-тексеруінің мақсаттары үшін) барлық өндірушілері не олардың ішінде мүше мемлекеттердегі өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі тиісінше ұқсас тауардың не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың едәуір бөлігін, бірақ кемінде жиырма бес пайызын құрайтын өндірушілер; 18) мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіру қатері - мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірудің дәлелдемелермен расталған болмай қоймайтындығы; 19) мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залал - дәлелдемелермен расталған және мүше мемлекеттердің экономика саласының өндірістік, сауда және қаржы жағдайларының едәуір нашарлауынан көрінетін және әдетте, ол алдыңғы кезең ішінде айқындалатын мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірумен байланысты жағдайдың жалпы нашарлауы; 20) мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залал - мүше мемлекеттердің экономика саласы жағдайының дәлелдемелермен расталған нашарлауы және атап айтқанда, ол мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндiрiсi көлемiнiң және мүше мемлекеттердiң нарығында оны өткiзу көлемiнiң қысқаруынан, тауар өндiрiсi рентабельдiлiгiнiң төмендеуiнен, сондай-ақ мүше мемлекеттер экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақының деңгейiне және мүше мемлекеттер экономикасының осы саласына салынатын инвестициялардың деңгейiне жағымсыз әсер етуінен көрінуі мүмкін; 21) мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатері - мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтірудің дәлелдемелермен расталған болмай қоймайтындығы; 22) өтемақы бажы - өтемақы шарасы енгізілген кезде қолданылатын және кедендік әкелу бажына қарамастан мүше мемлекеттердің кеден органдары алатын баж; 23) өтемақы шарасы - өтемақы бажын (оның iшiнде алдын ала өтемақы бажын) енгізу не субсидиялаушы үшінші елдің уәкiлеттi органы немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті мiндеттемелерді мақұлдау арқылы Комиссияның шешiмi бойынша қолданылатын, мүше мемлекеттердің экономика саласына экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының әсер етуін бейтараптандыру жөніндегі шара; 24) сауданың әдеттегі барысы - экспорттаушы үшінші елдің нарығында ұқсас тауарды өндірістің орташа өлшемді шығасыларын және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығасыларын негізге ала отырып айқындалатын орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша сатып алу-сату; 25) субсидияланатын импорт - өндірілуі, экспортталуы немесе тасымалдануы кезінде экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы пайдаланылған тауардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорты; 26) субсидиялаушы орган - экспорттаушы үшінші елдің мемлекеттік органы не жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін-өзі басқару органының тапсырмасы бойынша әрекет ететін немесе құқықтық актіге сәйкес немесе нақты мән-жағдайларды негізге ала отырып, тиісті мемлекеттік орган не жергілікті өзін-өзі басқару органы уәкілеттік берген тұлға; 27) сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 28) тергеп-тексеру - арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдында тергеп-тексеруді жүргізетін органның жүзеге асыратын рәсімі; 29) тергеп-тексеруді жүргізетін орган - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық тергеп-тексерулерді жүргізуге жауапты деп Комиссия айқындаған орган; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30) төлеушілер - «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған тұлғалар; 31) тікелей бақылау - жеке немесе заңды тұлғаның заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді: оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру; заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу; заңды тұлғаның жарғылық капиталын құрайтын акцияларға (үлестерге) тиесілі дауыстардың жалпы санының бес пайызынан астамына иелік ету сияқты бір немесе бірнеше іс-қимылды жасау арқылы айқындау мүмкіндігі; 32) тікелей бәсекелес тауар - өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде сатып алушы оны ауыстыратындай немесе ауыстыруға дайын болатындай басқа да негізгі қасиеттері бойынша арнайы қорғау тергеп-тексеруінің (қайта тергеп-тексерудің) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауармен салыстырылатын тауар; 33) ұқсас тауар - тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектiсi болып табылатын немесе болуы мүмкiн тауарға толығымен сәйкес келетiн тауар не мұндай тауар болмағанда, тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектiсi болып табылатын немесе болуы мүмкiн тауардың сипаттамаларына жақын сипаттамалары бар басқа тауар; 34) үшінші елдер - Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын елдер және (немесе) елдер бірлестіктері, сондай-ақ Комиссия бекітетін әлем елдерінің сыныптауышына енгізілген аумақтар; 35) экспорттық баға - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың импорты кезінде төленген немесе төленуге тиіс баға.
2-бап. Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты қатынастарға қолданылады. 2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен реттелетін қызметтер көрсетуге, жұмыстарды орындауға, зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды беруге немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқығын ұсынуға, инвестицияларды, валюталық бақылауды және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыруға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) тергеп-тексеруді жүргізетін органмен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 2) тергеп-тексеруді жүргізетін органға арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексеруге бастама жасау жөнінде ұсыныстар енгізеді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіреді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларының мәселелері жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді; 6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу, қолдану, қайта қарау, олардың күшін жою туралы шешімдер Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу және қолдану, қайта қарау немесе олардың күшін жою не тиісті шараны қолданбау туралы шешімдерді Комиссия қабылдайды.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап. Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеу, төлеу және қайтару Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу, осы баждарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімдері мен тәртібін айқындау, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу, бөлу және қайтару «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде кедендік әкелу баждары үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын төлеу, есепке жатқызу, бөлу және қайтару Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. АРНАЙЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
7-бап. Арнайы қорғау шарасын қолданудың жалпы қағидаттары 1. Арнайы қорғау шарасы тауарға, егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіретіндей немесе осындай залал келтіру қатерін төндіретіндей өскен мөлшерлерде (мүше мемлекеттердің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің жалпы көлеміне абсолютті немесе салыстырмалы көрсеткіштерде) және жағдайларда жүзеге асырылып жатқаны анықталған жағдайда қолданылуы мүмкін. 2. Арнайы қорғау шарасы мыналарды: 1) әрқайсысының үлесіне Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің үш пайызынан аспайтын көлемде тиесілі болатын дамушы немесе неғұрлым аз дамыған үшінші елдерден шығарылатын осы тауар импортының жиынтық үлесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің тоғыз пайызынан аспайтын жағдайда, дамушы және неғұрлым аз дамыған елден шығарылатын осы тауар импортының үлесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің үш пайызынан аспайынша, Комиссия бекітетін, Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушы осындай елден шыққан тауарды; 2) «Еркін сауда аймағы туралы шартты ратификациялау туралы» 2012 жылғы 25 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еркін сауда аймағы туралы шарттың тарапы болып табылатын, көрсетілген Шарттың 9-бабында белгіленген талаптарды орындаған кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттен шыққан тауарды қоспағанда, тауардың шыққан еліне қарамастан экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарға қатысты қолданылады.
8-бап. Өскен импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе оны келтіру қатерін анықтау 1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өскен импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе оны келтіру қатерін анықтау мақсатында тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін және мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайына әсер ететін объективті факторларды, оның ішінде мыналарды: 1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлеміне қатысты абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштердегі өсу қарқыны мен көлемін; 2) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын импорттық тауардың мүше мемлекеттердің нарығындағы осы тауардың және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы сатылу көлеміндегі үлесін; 3) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын импорттық тауардың мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар бағалары деңгейімен салыстырғандағы бағалар деңгейін; 4) мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды мүше мемлекеттер нарығында сату көлемінің өзгеруін; 5) мүше мемлекеттердің экономика саласындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісі көлемінің, өнімділігінің, өндірістік қуаттар жүктемесінің, пайда мен шығындар мөлшерлерінің, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейінің өзгеруін бағалайды. 2. Өскен импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залал немесе оны келтіру қатері іске қатысты және тергеп-тексеруді жүргізетін органның иелігінде бар барлық дәлелдемелер мен мәліметтерді талдау нәтижелерінің негізінде анықталуға тиіс. 3. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган өскен импорттан басқа сол кезеңде олардың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірген немесе оны келтіру қатері төнетін басқа да белгілі факторларды талдайды. Көрсетілген залал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өскен импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілетін елеулі залалға немесе оны келтіру қатеріне жатқызылмауға тиіс.
9-бап. Алдын ала арнайы бажды енгізу 1. Арнайы қорғау шарасын қолдануды кідірту мүше мемлекеттердің экономика саласына кейіннен жою қиынға соғатын залал келтіруі мүмкін қысылтаяң жағдаяттарда Комиссия тиісті тергеп-тексеру аяқталғанға дейін тергеп-тексеруді жүргізетін органның тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың өскен импортының мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіргеніне немесе келтіру қатеріне айқын дәлелдемелері бар алдын ала қорытындысы негізінде күнтізбелік екі жүз күннен аспайтын мерзімге алдын ала арнайы баж енгізу туралы шешім қабылдай алады. Тергеп-тексеруді жүргізетін органның түпкілікті қорытындысын алу мақсатында тергеп-тексеру жалғастырылуға тиіс. 2. Комиссия алдын ала арнайы бажды енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін уәкілетті орган тергеп-тексеруді жүргізетін органның алдын ала қорытындысы негізінде дайындалған алдын ала арнайы бажды енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі. 3. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің уәкiлеттi органын, сондай-ақ өзіне белгiлi басқа да мүдделi тұлғаларды алдын ала арнайы бажды енгізу мүмкін екендігі туралы жазбаша нысанда хабардар етедi. 4. Экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органының алдын ала арнайы бажды енгiзу мәселесi бойынша консультациялар өткiзу туралы сұрау салуы бойынша мұндай консультациялар Комиссия алдын ала арнайы бажды енгiзу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн басталуға тиiс. 5. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасын енгізу үшін негіздер жоқ деп анықтаған не осы Заңның 42-бабына сәйкес арнайы қорғау шарасын қолданбау туралы шешім қабылданған жағдайда, алдын ала арнайы баж сомалары осы Заңның 6-бабына сәйкес төлеушiге қайтарылуға жатады. 6. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасын (оның ішінде импорттық немесе арнайы квотаны енгізу арқылы) қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда, алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі арнайы қорғау шарасын қолданудың жалпы мерзіміне есепке жатқызылады, ал алдын ала арнайы баж сомалары тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған арнайы қорғау шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап осы Заңның 6-бабына сәйкес есепке жазуға және бөлуге жатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы4-бап. Уәкілетті органның құзыреті5-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу, қолдану, қайта қарау, олардың күшін жою туралы шешімдер6-бап. Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеу, төлеу және қайтару 2-тарау. АРНАЙЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ7-бап. Арнайы қорғау шарасын қолданудың жалпы қағидаттары8-бап. Өскен импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе оны келтіру қатерін анықтау9-бап. Алдын ала арнайы бажды енгізу10-бап. Арнайы қорғау шарасын қолдану11-бап. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және оны қайта қарау 3-тарау. ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР12-бап. Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы қағидаттары13-бап. Демпингтік маржаны айқындау14-бап. Тауардың қалыпты құнын айқындау15-бап. Тауардың экспорттық бағасын айқындау16-бап. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалды, осындай залалды келтіру қатерін немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауын анықтау17-бап. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу18-бап. Тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының баға міндеттемелерін қабылдауы19-бап. Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану20-бап. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі және оны қайта қарау21-бап. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді анықтау 4-тарау. ӨТЕМАҚЫ ШАРАЛАРЫ22-бап. Өтемақы шарасын қолданудың жалпы қағидаттары23-бап. Субсидиялар24-бап. Экспорттаушы үшінші елдің субсидиясын ерекше субсидияға жатқызу қағидаттары25-бап. Ерекше субсидияның мөлшерін айқындау қағидаттары26-бап. Субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалды, осындай залалды келтіру қатерін немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулатылуын анықтау27-бап. Алдын ала өтемақы бажын енгізу28-бап. Субсидиялаушы үшінші елдің немесе тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының ерікті міндеттемелер қабылдауы29-бап. Өтемақы бажын енгізу және қолдану30-бап. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі және оны қайта қарау31-бап. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау 5-тарау. ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУЛЕР ЖҮРГІЗУ32-бап. Тергеп-тексерулер жүргізу үшін негіздер33-бап. Тергеп-тексерудің басталуы және оны жүргізу34-бап. Демпингке қарсы тергеп-тексеруді жүргізу ерекшеліктері35-бап. Өтемақылық тергеп-тексеруді жүргізу ерекшеліктері36-бап. Демпингтік немесе субсидияланатын импорт жағдайында мүше мемлекеттердің экономика саласын айқындау ерекшеліктері37-бап. Жария тыңдау38-бап. Тергеп-тексеру барысында ақпарат жинау39-бап. Құпия ақпарат40-бап. Мүдделі тұлғалар41-бап. Тергеп-тексерулерге байланысты қабылданатын шешімдер туралы хабарламалар42-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданбау 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР43-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы шешімдерге сот тәртібімен шағымдану ерекшеліктері44-бап. Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық45-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |