Қызылорда облыстық мәслихатының денсаулық сақтау саласындағы кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының денсаулық сақтау саласындағы кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 457 шешіміне қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының денсаулық сақтау саласындағы күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Донорларға қосымша көтермелеу беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 204 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6339 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған); 2. «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 300 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6682 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 21 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|