Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы (2025.27.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің 2025.11.06. № 234-н/қ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2015 жылғы 27 наурыз
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|