ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.25.02. № 225 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.29.06. № 482 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.05.04. № 198 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 623 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 527 бұйрығымен күші жойылды
«Авиациялық персоналға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Авиациялық персоналға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) «электрондық үкіметтің»: www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: авиациялық персоналға куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру немесе «Авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының қызметтері саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 518 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11401 болып тіркелген) «Авиация персоналға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру болып табылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|