Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы (2024.07.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2024.23.09. № 334 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 371) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|