Павлодар облысында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 8 тамыздағы № 182/14 шешіміне қосымша
Павлодар облысында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Павлодар облысында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 168 бұйрығына сәйкес әзірленді және Павлодар облысында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің тәртібін белгілейді. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) жануардың иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|